Бұл қандағы глюкоза деңгейі қалыптыдан тұрақты болған кездегі аралық жағдай, бірақ қант диабеті туралы айтуға жеткілікті жоғары емес. Алайда, предиабеті бар пациенттерде тек қант диабеті ғана емес, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары.
Предиабет қант диабеті көріністерінің басталуынан 9-12 жыл бұрын дами бастайды және оның ерекшелігі адам айқын белгілер мен симптомдарын сезінбейді.
Предиабет - қайтымды күй!
Алдын алу шаралары, мысалы: өмір салты мен тамақтанудың өзгеруі, дәрі-дәрмектік алдын-алу қант диабетінің дамуын тоқтатуға көмектеседі.
Предиабет – сіздің қант диабетін алдын алу мүмкіндігіңіз!
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!
Қандағы қант деңгейіңізді анықтаңыз!
ТЕСТ ӨТУ
Предиабетпен байланысты қандай қауіп факторлары бар?
45 жас және одан жоғары (әсіресе 65 жастан кейін, қауіп күрт артады)
Бел шеңбері (ерлер үшін 102 см-ден астам және әйелдер үшін 88 см-ден астам)
Генетикалық бейімділік: предиабетпен және диабетпен ауыратын туыстарының болуы, әсіресе егер олар ата-анасы немесе туған ағасы және әпкесі болса
Поликистозды аналық бездер синдром бар әйелдер (денеде шаштың шамадан тыс өсуімен, семіздікпен және тұрақты емес етеккір циклімен бірге жүреді)
Артық дене салмағы және семіздік, ДМИ көп -25 кг/м2
Жоғары қан қысымы (140/90 мм.с.б –дан жоғары)
Жүктілік кезінде қант диабеті бар әйелдер (босанғаннан кейін өтетін) және салмағы 4.1 кг-нан асатын бала туған әйелдер
Дұрыс тамақтанбау және төмен физикалық белсенділік
Өзіңізде қант диабетінің даму қаупін бағалаңыз!
12
балл
Сізде қант диабетімен ауру қаупі ОРТАША
Гликирленген гемоглобин деңгейін анықтау үшін зерттеу жүргізіп, емдеуші дәрігеріңізге қаралуыңызды ұсынамыз. Мәліметтерді толтыру арқылы сіз гликирленген гемоглобин деңгейін анықтауға арналған тегін тестке жолдама ала аласыз!
Егер сізге предиабет диагнозы қойылса, сізге өмір салтын өзгерту керек:
• дене белсенділігінің жүктемесін арттыру; • диетаны өзгерту - жемістерді, көкөністерді және қоректік заттар мен талшықтарға бай басқа тағамдарды көбірек жеу; • артық дене салмағын азайту.
Егер өмір салтын өзгерту қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеспесе, сізге дәрігерге барып, қант диабетінің алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қабылдауды қарастыру керек. Тесттен өтіп, қауіптілік деңгейіңізді анықтаңыз